Ссылки доступа

Ресейдің бірқатар аймақтарында сайлау өтті


Ресей тарапынан аннексияланған Севастопольдегі сайлау учаскесі
Ресей тарапынан аннексияланған Севастопольдегі сайлау учаскесі

Жексенбіде Ресейдің бірқатар аймақтарында сайлау өтіп, 19 субъектінің басшысы, 13 муниципалдық жаңа аймақтық кеңестердің депутаттары сайланды.

Ресей басылымдарының мәліметіне қарағанда, дауыс беру күні Санкт-Петербургта биліктің үміткері Александр Бегловтың негізгі қарсыласы, Коммунистер партиясы атынан үміткер Владимир Бортко сайлауға қатысудан бас тартқан.

"Либералдық миссия" қорының сарапшылары бұл жолы саяси бәсеке төмен болғанын айтады. Олар губернаторлық қызметке үміткерлерді тіркеуден бас тарту фактісі көп болғанын атап өтті.

Губернатор міндетін атқарып келе жатқан алты адам өзін өзі ұсынушы ретінде сайлауға қайта қатысқан. "Ведомости" газетінің жазуынша, бұл үшін арнайы заңға өзгерістер енгізген. Мәскеу қалалық думасына "Единая Россия" атынан үміткер шықпаған, партия мүшелері өз алдына үміткер ретінде қатысты.

8 қыркүйекте Алтай, Башқұрт және Қалмақ республикаларында, сонымен бірге Забайкалье, Ставрополь, Астрахан, Вологод, Волгоград, Курган, Курск, Липецк, Мурманск, Орынбор, Сахалин, Челябинск облыстары мен Санкт-Петербург қаласының басшылары сайланды. Мәскеу тұрғындары 45 бірмандатты округтар бойынша қалалық кеңестің депутаттарын сайлады. Ресей тарапынан аннексияланған Севастопольде қалалық парламентке сайлау өтті.

XS
SM
MD
LG