Ссылки доступа

Өзбекстанда дәріханаларға бақылау камераларын орнату міндеттеледі


Аптека
Аптека

Өзбекстан дәрі-дәрмектің заңсыз айналымымен күреседі. Енді елдегі барлық дәріханаларда бақылау камералары орнатылады. Президент Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте тиісті қаулыға қол қойды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық дәріханаларда дәрі сату ісі тәулік бойы видеоға түсіріледі. Ауылдағы дәріханаларға камера орнату міндетті емес.

Жаңа ереже бойынша, 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап әсері күшті дәрілер әлеуметтік және арнайы лицензиясы бар дәріханаларда сатылады.

Өзбекстан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды рецепт жүйесін енгізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG