Ссылки доступа

Бішкек әкімдігінің сегіз пәтерін сатып жіберген шенеунік ұсталды


Қырғызстанда астана билігіне тиесілі сегіз пәтерді сатып жіберді деген күдіктен бір шенеунік ұсталды.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, ол Қырғызстан мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпек болған уақытта қолға түскен. Шенеунік Тәжікстан арқылы Түркияға қашып кетпек болған.

Күдікті Бішкек қаласындағы уақытша оқшаулау абақтысына отырғызылды.

Бұған дейін қала билігі Мүлік басқармасының қызметкері Эрик Ашыралиев сегіз пәтерді сатып, қашып кеткенін хабарлаған. Ол басқармада 1,5 ай жұмыс істеген.

Милиция шенеуніктің бұл әрекетінен 583 мың доллар шығын келгенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG