Ссылки доступа

Қырғызстанда контейнерде оқитын оқушыларды басқа ғимаратқа көшіреді


Kyrgyzstan - Naryn - new school - education - school 2 September 2019
Kyrgyzstan - Naryn - new school - education - school 2 September 2019

Нарын аудандық Кеңеш ауылындағы контейнер мектепте оқып жүрген оқушылар салқын түскенше басқа ғимаратқа көшіріледі. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, көшірілетін ғимаратты білім беру мақсатында өзгерту үшін ақша бөлінген.

Қазір ол жерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен бірге жақын күндері Кеңештен жаңа мектеп құрылысы басталмақ. Үкімет мәліметіне қарағанда, Кеңеш ауылындағы мектептің екі оқу корпусы бар, оның біреуі апатты жағдайда тұр, екіншісінде оқушылар оқып жатыр.

Қазір Нарын облысы бойынша жалпы 18 нысан құрылысы жүріп жатыр.

Кеңеш ауылында оқушылардың бір бөлігі салмағы 20 тонналық бес контейнерде білім алып жатыр. "Мобилді мектептерде" оқу ыңғайсыз болып жатқаны айтылып, бұл көпшілік сынына қалған. Осы оқиғадан кейін білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева өзі арыз жазып, қызметінен кетті.

XS
SM
MD
LG