Ссылки доступа

Тәжікстанда кәсіпорындарда халық бақылауы жүйесін енгізіп жатыр


Тәжікстанда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда бақылаушы кеңес қызметін атқаратын халық бақылауы жүйесі енгізіледі. Тәжік парламентінің төменгі палатасына осындай жоба түсті.

Тәжік депутаттары "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін жобаны талқылай бастады. Өзгерістер жемқорлықпен күресті күшейтуді көздейді.

Бақылау кеңесінің мүшелері сол кәсіпорын жұмысшыларынан сайланады. Олар кәсіпорын басшыларының жұмысын бақылайды. Депутат Олимжон Бобоевтың айтуынша, кәсіпорын директоры шешім қабылдағанда оны бақылау кеңесіне бекітуі керек болады.

"Бақылау кеңесі кәсіпорынның қаржы есебінің дұрыстығын, жыл соңындағы нәтижесін талқылайды. Жекеменшік кәсіпорындарда мұндай кеңестердің болуы олардың заң аясында жұмыс істеуге сеп болады", - деді депутат.

Тәжікстан статистика агенттігінің мәліметі бойынша, елде 2 мыңнан астам өндіріс кәсіпорыны бар.

XS
SM
MD
LG