Ссылки доступа

Самарқанд облысындағы ауылдарда перзентхана жабылып, әйелдер үйде босануға мәжбүр (видео)


Өзбекстанның Самарқанд облысы Каттақорған ауданына қарасты екі ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетіп келген перзентхананың жабылғанына жарты жыл болды. Соның кесірінен аудандағы жүкті әйелдер көптеген қиыншылыққа тап болды.

Перзентхана кәсіби мамандар мен қажетті құрал-жабдықтардың тапшылығынан жабылған.

Бала тууға қабілетті 9 мың әйел тұратын екі ауылдағы жүкті әйелдер үйде немесе қалаға барар жолда босануға мәжбүр. Өйткені бұл ауылдар аудан орталығынан 30-40 шақырым қашықта орналасқан.

Мойлисой және Куксой ауылдарында 35 мың адам тұрады. Қазір мұнда шамамен 400 жүкті әйел бар.

Ауыл тұрғындары мемлекеттік органдарға арызданған, бірақ жергілікті билік нақты жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG