Ссылки доступа

Ташкентте Тәуелсіз БАҚ қорының экс-директорына қатысты жабық сот жүріп жатыр


Ташкенттің Яшнабад аудандық соты Тәуелсіз баспасөз бен ақпарат агенттіктері қорының бұрынғы басшысы Саид-Абдулазиз Юсуповтың ісін жабық қарай бастады.

Ол Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық", "Пара беру" және "Ақша ұрлау" баптары бойынша айыпталып жатыр.

37 жастағы Юсупов биыл 10 мамырда қамалып, 12 мамырда Бас прокуратура оған "ірі көлемде алаяқтық жасады" деген бап бойынша айып тағылғанын мәлімдеген.

Осыдан кейін Юсуповтың ағасы Мұхаммед Юсупов ел президентіне видеоүндеу жариялап, әлеуметтік желіге таратқан. Онда ол інісіне қарсы іс журналистік қызметіне байланысты қозғалғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG