Ссылки доступа

Тәжікстанда "Иегово куәгерлері" мүшесі Наурыз туралы пікірі үшін 7,5 жылға сотталды


Тәжікстанда тыйым салынған "Иегово куәгерлері" діни ұйымның мүшесі Шамил Хакимов ұлтараздық және діни араздық туғызды деген айыппен жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот материалдарына сәйкес, осыған дейін аталған діни ұйымның кітабы шығып, онда Хакимовтың Наурыз мейрамы туралы пікірі жазылған. Биыл 29 тамызда сараптама комиссиясының мүшелері Хакимов кітапта "Наурызды отқа сыйынғандардан қалған мұра" деп атап, ұлтаралық және діни араздықты қоздырды деген байлам шығарған.

Өз кезегінде адвокат кітапта Наурыз мейрамын жою туралы ешнәрсе жазылмағанын айтып, Хакимовтың кінәсі жоқ дейді.

Билік Шамил Хакимовты "Иегово куәгерлерінің" Тәжікстандағы лидерлерінің бірі деп есептеп, ұйымға 90-жылдардың ортасында кіргенін айтып отыр.

Тәжікстанда "Иегово куәгерлері" қызметіне 12 жыл бұрын тыйым салынған. Оның мүшелері әскерде қызмет ете алмайды.

XS
SM
MD
LG