Ссылки доступа

Тәжікстан жемқорлықпен күрес агенттігінен адвокаттарға қысым көрсетпеуін талап етті


Абдулазиз Абдурахмонзода
Абдулазиз Абдурахмонзода

Халықаралық заңгерлер комиссиясы (Женева) Тәжікстан жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен адвокаттарды қудаламауын талап етті.

Тәжікстанда 15 адвокат әріптесі Абдулазиз Абдурахмонзоданы қорғау барысында қысымға ұшыраған делінген ұйымның ресми мәлімдесінде.

Жас адвокат ешқандай кетпеу туралы қолхат өткізген, жемқорлықпен күрес агенттігі оған алаяқтық бабы негізінде қылмыстық іс қозғады. Тәжікстан адвокаттар одағының мүшесі Абдулазиз Абдурахмонзода қаржы полициясының қызметкерлері өзін заңсыз ұстап, азаптағанын мәлімдеді.

Мекеме мұндай айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Халықаралық заңгерлер комиссиясы агенттік Абдурахмонзоданы сотта қорғайтын 15 адвокатқа қысым көрсетіп жатқаны туралы мәлімет таратты. Бір апта бұрын азаптауға қарсы күрес коалициясы адвокат Абдулазиз Абдурахмонзода мен Тәжікстан адвокаттар одағының басшысы Саидбек Нуритдиновке қысым көрсетілгенін хабарлады.

Биыл мамыр айының соңында адвокат Абдурахмонзодаға "алаяқтық" айыбы тағылды. Маусым айының басында іс сотқа жолданды. Абдурахмонзоданы сотта оның 15 әріптесі қорғайды.

XS
SM
MD
LG