Ссылки доступа

Қырғызстанда уақытша үкімет мүшелері президентпен кездеспек


Қырғызстанда 2010 жылы сәуір оқиғасынан кейін құрылған Уақытша үкімет (УҮ) өзара бас қосып, ел президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуді жоспарлап отыр.

Олардың бас қосуына саясаткер Өмірбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың бостандыққа шығуы себеп болған. Мұнан бөлек елдегі жағдайды талқылаған.

Уақытша үкіметтің премьер-министрі болған Темир Сариев президентпен кездесу мемлекет басшысыны әкімшілігінің бастамасы дейді. Бірақ ол қандай мәселелер көтерілетінін әлі білмейді.

Уақытша үкімет мүшелерінің бас қосуына Роза Отунбаева, Темир Сариев, Кенешбек Дуйшебаев, Азимбек Бекназаров, Эмилбек Каптагаев, Элмира Ибраимова, Болот Шер, Исмаил Исаков, Абдыганы Эркебаев, Өмірбек Текебаев, Дуйшенкул Чотонов келген. Тек экс-президент Алмазбек Атамбаев болмады. Ол қамауда отыр.

Уақытша үкімет соңғы рет 2016 жылы сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев Конституциялық реформа жариялағаннан кейін кездескен. Осыдан кейін өзара келіспеушілік болған. Қазір Абдыганы Эркебаев пен Иса Омуркуловтан басқасының бәрі мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді.

XS
SM
MD
LG