Ссылки доступа

Тәжікстан әскерінде жауынгерге әлімжеттік жасаған


Tajikistan, Dushanbe, Qurbonali Hakimov tajik soldier
Tajikistan, Dushanbe, Qurbonali Hakimov tajik soldier

Тәжікстан шекарасындағы әскери бөлімшеде қызметін өтеген 23 жастағы Курбонали Хакимовке өзге жауынгерлер әлімжеттік жасап, темірмен ұрған.

Курбонали Хакимов үш аптаданн бері аурханада жатыр. Душанбедегі Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері жауынгердің маңдай сүйегі сынып, миына зақым келген, ота жасалды дейді.

Оқиға 20 тамызда болған. Курбонали бір-бірімен төбелесіп жатқан екі сарбазды ажыратамын деп, өзі таяқ жеген.

Курбонали Хакимов әскерге 2018 жылдың қараша айында шақырылған. Ол әскери бөлім қызметкерлері өзін ұрып-соққандарға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ тергеу әлі жүріп жатқанын жеткізді дейді.

Шекара әскери басшылығы мен әскери прокуратура бұл оқиға бойынша пікір білдіруден бас тартты.

Қазан айында тәжік армиясына кезекті шақыру басталады. Құқық қорғаушылар көптеген шағымдарға қарамастан, әскерде әлімжеттіктің кең етек алғанына алаңдайды. Зорлық-зомбылыққа қарсы коалицияның мәліметінше, 2014-2016 жылдар аралығында 11 жауынгер әлімжеттіктен қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG