Ссылки доступа

Өзбек президентінің күйеу баласы басқаратын триатлон федерациясы Украинадан бапкер шақырды


Украина чемпионы Виктор Земцев Өзбекстанның Триатлон федерациясы құрама командасының жаттықтырушысы болып тағайындалды. Федерацияны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кіші күйеу баласы Отабек Умаров басқарады.

Олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, триатлон бойынша әләм чемпионы, 45 жастағы Земцев Францияда өзбек спортшыларын 15 тамыздан 8 қыркүйекке дейін жаттықтырып үлгерген. Бірақ құрама команда әлі жасақталмаған.

Отабек Умаров Өзбекстан Триатлон федерациясы жетекшісі болып биыл 7 наурызда сайланған.

Шілде айында Гүлнара Каримоваға тиесілі Ташкент облысындағы "Сижжак" демалыс орны Өзбекстан Триатлон федерациясына берілгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG