Ссылки доступа

АҚШ Мексикамен шекарадағы әскерлерін тағы бір жылға қалдырды


АҚШ шекарасындағы мигранттар

Пентагон 2020 жылы заңсыз миграциямен күресу үшін Мексикамен арадағы шекараға бес жарым мың әскерін қалдырады. Осылай деп АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі, подполковник Крис Митчелл мәлімдеді.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер 11 қыркүйекте ішкі қауіпсіздік министрлігінің өтінішін қанағаттандырды.

Оған дейін Вашингтонда АҚШ пен Мексика арасында миграциялық келісімдер бойынша келіссөздер өткен. Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрард мемлекет "қауіпсіз үшінші ел" болудан бас тартқанын айтқан. Бұл АҚШ-қа кіру үшін Мексика шекарасынан өткен мигранттар алдымен Мехикодан пана алуы керек дегенді білдіреді.

Бірақ Эбрард кездесу тек "достық" ниетте өткенін айтқан.

Қазір АҚШ-тың Мексикамен шекарасында бес мыңнан астам америкалық әскер бар. Олар АҚШ-тың шекара қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр.

Осыған дейін Пентагон Мексикамен шекарада дуал тұрғызу үшін әскер нысандарын құруға бағытталған ақшадан 3,5 млрд доллар аударған.

XS
SM
MD
LG