Ссылки доступа

Жол жиегінде табылған баланың әкесі бес жылға сотталды


Мұрат Асқароғлы сотта
Мұрат Асқароғлы сотта

Осыдан бір жарым жыл бұрын жол шетінде, ағаштар арасында басынан жарақат алып, қансыраған күйінде табылған төрт жастағы баланың әкесі бес жылға сотталды. Сотталушы Мұрат Асқароғлы кінәсін мойындамайды, ұлын көлік қақты дейді.

Сот процесі жарты жылға созылды. Мұрат Асқароғлы төрт жастағы баласын алып кетіп, денсаулығына ауыр зақым келтірді деп айыпталған. Мемлекеттік айыптаушы оған 11 жыл жаза сұраған.

Отца ребенка, которого нашли с разбитой головой у дороги в Алматы, приговорили к 5 годам
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

"Бірақ алқабилер мен сот оның іс-әрекетінде қылмыстың ауыр емес екенін қарады. Ол баланың денсаулығына ауыр зиян келтірген, бірақ өлтіруді мақсат етпеген", – дейді судья Еркін Майшинов.

Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Ол тергеу абақтысында бір жылдай отырғандықтан, енді төрт жыл отырады.

2017 жылдың шілде айында төрт жастағы Мұхаммед Асқароғлы жол бойында, бұтақтар арасында басынан жарақат алып, қансыраған күйінде табылған. Оны көрген әйел әке-шешесін табу үшін, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Кейін полиция басқа видео жариялады. Онда баланың әкесі Мұрат Асқароғлы ұлын басынан ұрғанын, сосын ағаштар арасына тастап кеткенін мойындаған. "Мас болдым, есі бар адам ұлын бұтақтар арасына тастап кетпес еді", – деген сотталушы видео жазбада.

Медициналық сараптама баланың жарақаты көлік қаққанға ұқсамайтыны, ұрғаннан болған жарақат деген анықтама берген.

Баланың өзі ауыр жарақаттан кейін бірнеше күн комада жатқан. Бас сүйегіне ота жасалған. Қазір денсаулығына қауіп жоқ.

XS
SM
MD
LG