Ссылки доступа

Ташкентте Өзбекстанның жеті дүркін чемпионын өлтіріп кетті


11 қыркүйекке қараған түні Ташкенттің Юнусабад ауданында орналасқан кафеде бір топ жас төбелесіп қалған.

Қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жаппай төбелесте үш адам ауыр жарақаттанып, ауруханаға түскен. Солардың бірі - 23 жастағы Муслимбек Омонов таңға жуық қаза болды.

Төбелескен жастардың кімдер екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Муслим Омонов кикбокстан Өзбекстанның жеті дүркін чемпионы, ММА жекпе-жегінен Азия чемпионы болған.

Еске салайық, өткен жылы тамызда Ташкентте түнгі клубтардың біріндегі төбелестен ММА жекпе-жегінен Өзбекстан чемпионы Жамшид Кенжаев қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG