Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі Араван ауданындағы жерді Өзбекстандағы жерге алмастырғанын растады


Қырғызстанның Ош облысы Араван ауданына қарасты Тоо-Моюн айылдық округінде Керкиден су қоймасы маңындағы 407 гектар жер Өзбекстанға берілген. Қырғызстан оның орнына көрші елден Гулбаар ауданының маңынан жер алған.

Ош облыстық әкімшілігінің баспасөз хатшысы Нуркыз Кадырбек кызының хабарлауынша, алмастырылған жерлердің көлемі бірдей.

Гулбаар ауылы Ош қаласына бара жатқан жолда орналасқан. Ауылдың оң жағында Өзбекстанмен шекара жатыр. Жер алмастыру туралы ұсынысты қырғыз тарапы бұрыннан айтып келген. Шекараны делимитациялау жөніндегі соңғы келіссөздердің бірінде жер алмастыру туралы шешім қабылданған.

10 қыркүйекте Керкидан су қоймасына жақын маңдағы жерге өзбек сарбаздарының қоршау орнатуы жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды.

2015 жылы тұрғындар Араван ауданындағы жерді Өзбекстанға беруге қарсы шыққан еді. Сол кезде бұл жер Өзбекстанға сатылып кетті деген әңгіме тараған.

XS
SM
MD
LG