Ссылки доступа

Өзбекстанда "Ұлы болашақ" ұйымынан тоғыз сарапшы шығып кетті


Халықаралық "Буюк Келажак" үкіметтік емес ұйымы Сарапшылар кеңесінің тоғыз мүшесі ұйымнан шығып кеткенін хабарлады.

2018 жылы мамыр айында президент Шавкат Мирзияев реформаларын қолдау мақсатында құрылған "Буюк келажак" ұйымынан тоғыз сарапшы шығып кеткенін Дилмурод Юсупов хабарлаған.

"Ұйымның ішкі ұйымдастыру мәселелеріндегі олқылықтарға байланысты, біз елді дамыту мақсатын бұл ұйымнан тыс жүзеге асыра береміз деп шештік" деп жазды Юсупов.

Ұйымның сарапшылар кеңесінен Бехзод Хошимов, Зайнаб Мухаммад-Дост, Кахрамон Носиров, Нодир Нуритдинов, Бахром Раджабов, Тоштемир Хайдаров, Умид Абидхаджаев, Хасан Реджабоев және Шукуржон Назаров та шығып кеткен.

Сарапшылар кеңесіне Өзбекстанның 2035 жылға дейін даму стратегиясын дайындау жүктелген. "Буюк Келажак" ұйымының басты демеушілерінің бірі - өзбек олигархы Фаттах Шодиев.

XS
SM
MD
LG