Ссылки доступа

CNBC: "Буревестник" зымыраны бес мәрте сәтсіз сыналған


Сборка крылатой ракеты "Буревестник"
Сборка крылатой ракеты "Буревестник"

Ресей ядролық қондырғысы бар "Буревестник" қанатты зымыранын 2017 жылдан бері бес мәрте сынаған, ол сынақтардың барлығы сәтсіз шыққан. Бұл туралы CNBC телеарнасы АҚШ арнайы қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

"Буревестник" (НАТО оны Skyfall деп атады) зымыранының ең ұзақ ұшқан уақыты - екі минут, ең қысқасы - төрт секунд. Дереккөз мәліметі бойынша, Ресей зымыран жобасын тездетуді, сол арқылы 2015 жылға таман "соғысқа дайын болуды" көздеп отыр.

Ресей президенті Владимир Путин "Буревестник" зымыранын алғаш рет өткен жылы халыққа жолдауында таныстырған.

"Буревестник" 8 тамызда Архангельск облысындағы Нёнокс полигонында сәтсіз сыналғаны мәлім. Бұл туралы 13 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп өз твиттерінде жазды.

Ресейдің ресми билігі полигондағы жарылыс "Буревестник" зымыранынан болған дегенді растамады.

XS
SM
MD
LG