Ссылки доступа

Өзбекстанда бас мүфтидің "отставкасы" туралы ақпарат үшін сайт бас редакторы қызметінен алынды


Muftiy Usmonxon Alimov
Muftiy Usmonxon Alimov

"Өзбекстан мұсылмандары басқармасының бас мүфтиі Усмонхон Алимов отставкаға кетті" деген нақтыланбаған ақпарат жариялағаны үшін Azon.uz сайтының бас редакторы қызметінен алынды.

«2019 жылдың 10 қыркүйегінде "Azon New Media" компаниясында шұғыл жиналыс өтіп, материал әзірлеуде салақтық танытқаны үшін Azon.uz сайтының бас редакторы қызметінен алынды», - делінген басылымның ресми сайтында.

10 қыркүйекте бірқатар жергілікті басылымдар Усмонхон Алимовтың Өзбекстан мұсылмандары басқармасы басшысы қызметінен босатылғаны жөнінде ақпарат таратты. Кейін бұл ақпаратты мүфтият терістеді.

Мүфти Усмонхон Алимов Өзбекстан мұсылмандары басқармасының басшылығы қызметінде 2006 жылдан бері жұмыс істейді. 2018 жылы ең беделді 500 мұсылманды анықтайтын The Muslim 500 тізіміне енген.

XS
SM
MD
LG