Ссылки доступа

Еуропалық одақ Түркіменстан түрмелеріндегі азаптауды тоқтатуды талап етті


Еуропалық одақ (ЕО) Түркіменстанды абақтыларда адамдарды күшпен жоғалту тәжірибесін тоқтатуға шақырды. ЕО ұстанымы ЕҚЫҰ-ның Венада өткен Тұрақты кеңесінде айтылды.

"Біз түркімен түрмелерінде ұшты-күйлі жоғалып кетіп жатқан адамдардың тағдырына алаңдаймыз. Нақты мәліметтерді "Оларды тірідей көрсетіңдер!" халықаралық кампаниясы әзірледі. Онда 120 оқиға тіркелген. Соңғы алты жыл ішінде 27 адам түрмеде қайтыс болды", - делінген ЕО мәлімдемесінде.

Ұшты-күйлі жоғалып кеткендер тізімінде танымал оппозиционерлер, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер, саяси астармен ұсталғандар бар.

Түркіменстан билігі түрмедегі адамдардың күшпен жоғалып кетіп жатқандарын жария түрде мойындамай келеді.

XS
SM
MD
LG