Ссылки доступа

Душанбеде үйлері сүрілетін тұрғындар өтемақы талап етті


Тәжікстан астанасының орталық көшелерінің бірінің тұрғындары билік олардың үйлерін ресми келісімсіз сүріп тастағанына шағымданды. Бұл ауданда жаңа мектеп салынады.

Білім мекемесінің құрылысы Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталады.

Құрылысқа жауаптылар тұрғындар құқығын бұзбауға уәде берген, бірақ өтемақы көлемін көтеруге негіз жоқ деп атаған. Бұл аудандағы жеті отбасын көшіруге қатысты дауға бір жарым жылдан асты.

Тұрғындардың бірі Мохшариф Хасанованың айтуынша, билік олардың үйлерін келісімсіз бұза бастаған. "Бұл ауданда үйлердің әрбір шаршы метрінің бағасы 650 доллардан әлдеқайда көп. Оның үстіне олар бізге ешқандай құжат көрсетпеді. Бізге кім кепілдік береді?" - деп алаңдады Хасанова.

Елдегі заңгерлер құрылыс жүргізушілер заңға қайшы әрекет етіп отырғанын айтты.

Сүрілген үйлердің үстінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп бой көтереді.

XS
SM
MD
LG