Ссылки доступа

Якутияда халықты көтерген зорлық әрекеті бойынша үш қырғыз мигранты сотталды


Қырғызстанның үш азаматы Якутияда кісі зорлау қылмысы бойынша сотталды. Бұл қылмыс аймақта халықтың жаппай наразылығын туғызған еді.

Қырғыз мигранттарының бірі жергілікті тұрғынды алып қашып, оны зорлағаны дәлелденді. 11 қыркүйекте сот оны 14 жылға түрмеге отырғызды. Екі сотталушы әйелді зорлықпен қамауда ұстаған, зорлаған. Олардың бірі төрт, ал екіншісі алты жылға сотталды.

Якутия тұрғындары жаппай наразылыққа шығып, жергілікті биліктен Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын аймақтан шығаруды талап еткен.

Орталық Азиядан келген мигранттардың барлық дерлік кәсібі тоқтап қалды, автобус қозғалысы тежелді. Еңбек мигранттарына өз қауіпсіздігі үшін үйден шықпауға кеңес берілді.

XS
SM
MD
LG