Ссылки доступа

Самарқанд билігі Регистан тарихи сарайында өткен банкет туралы түсініктеме берді (видео)


Самарқанд қаласының әкімшілігі Регистан тарихи кешеніндегі сарай ішінде жасалған банкет туралы түсініктеме берді.

Банкетте түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, желі қолданушыларының сынына ұшыраған.

Самарқанд әкімшілігінің баспасөз қызметі 8 қыркүйекте Регистан аумағында салтанатты қонақасы берілгенін хабарлады. Оған АҚШ және Өзбекстан кәсіпкерлерінің әріптестігіне қатысты бизнес-форум қонақтары шақырылған.

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары бұны тарихи ескерткішті сыйламау деп бағалап отыр. Олар мұндай шаралар ежелгі сәулет нысандарына нұқсан келтіреді деп есептейді.

Регистандағы банкет Өзбекстан сыртқы істер министрінің орындасары өтінішімен ұйымдастырылған.

Еске салайық, биыл маусым айында Хорезм билігі Хиуа хан сарайында шетел қонақтарын күтіп алған еді.

XS
SM
MD
LG