Ссылки доступа

Ресей СІМ басшысы Лавров: Сирияда соғыс аяқталды


Недалеко от города Хан-Шейхун, Сирия, 18 августа 2019

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

"Сирияда соғыс шынымен аяқталды. Ел қалыпты тұрмыс салтына көше бастады, бейбітшілік орнады. Сирия үкіметінің бақылауынан тыс аймақтарда, Идлиб және Евфрат өзенінің шығыс жағалауында ғана қауіп бар", – деді ол "Труд" газетіне берген сұхбатында.

Лавровтың айтуынша, ендігі басты мақсат - халыққа гуманитарлық көмек көрсету және елдегі саяси дағдарысты реттеу.

Қыркүйектің басында Ресейдің Сириядағы үш сарбазы қаза тапқаны ақпарат құралдарында хабарланған. Олар жарылғыш басып кеткен делінеді. Бірақ Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

2018 жылы мамырда Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында бір топ ресейлік мерт болды. Ресейдің Қорғаныс министрлігі қаза тапқан төрт жауынгерді Кутузов және Ерлік ордендерімен марапаттаған. Бірақ марқұмдардың туыстары тағайындалған сыйақыны әлі ала алмай жүр.

XS
SM
MD
LG