Ссылки доступа

Түркіменстан арнайы қызметі студенттерді мәлімет беруге арбаған


Түркіменстан арнайы қызметі елдегі барлық университеттерді студенттер туралы мәлімет беруші адамдарды арбаған.

Азаттық радиосы Түркімен қызметі - Азатлык тілшісі бірқатар университеттің студенттерімен тілдесті.

"Олардың айтуынша, оқу орындарында штаттағы кураторлардан бөлек, ұлттық қауіпсіздік министрлігінің бірнеше адамы істейді. Олар барлық курстағы студенттерді арбайды, солардан елдегі жағдайға көңілі толмайтын студенттер туралы мәлімет алады", - деп хабарлады тілші.

Бұған қоса арнайы қызметтің арбауына түскендер VPN көмегімен тыйым салынған сайттарды қарайтындар, WhatsApp және Telegram мессенджерлерін қолданатындар туралы да мәлімет алады.

Арнайы қызметтің арбауына студенттер ғана емес, мұғалімдер де іліккен. Әсіресе шетелде оқитын студенттер туралы мәлімет жинауға арнайы қызмет ерекше ден қойған.

XS
SM
MD
LG