Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін реттеуге мүдделі


Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдай бірқалыпты. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі 16 қыркүйекте хабарлады.

Ош-Баткен-Исфана автожолы ашылды. Қырғыз тарапы Кок-Таш – Аксай жолын жөндеп жатыр. Шекара қызметі Баткен ауданы Аксай елді мекенінде шекара бекетін салып жатыр.

Қырғыз шекара қызметінің мәліметі бойынша, тәжік тарапы Баткен облысы Баткен ауданы Жака-Орук (Торт-Кочо) елді мекенінде даулы жерлерді келістіру жұмыстары жүргізді.

Бұл уақытта Азаттық радиосының Тәжік қызметі - "Озоди" радиосының хабарлауынша, Тәжікстан Қырғызстанды шекараның даулы аймағында бекет салып жатқаны үшін сынаған. 2014 жылы қабылданған хаттамаға сәйкес, даулы жерде құрылыс жүргізуге болмайды.

Қырғыз тарапы болса Тәжікстан жағының даулы жерлерде құрылыс жүргізгеніне наразылық білдірген.

Баткен облысының губернаторы Акрам Мадумаровтың мәлімдеуінше, шекарадағы құрылысқа қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

"Біз Тәжікстанның Соғды облысының билігіне құрылыс жұмыстарын доғаруға қатысты ұстанымымызды жеткіздік. Келіссөздер жүріп жатыр. Мәселені сол арқылы шешеміз", - деді аймақ басшысы.

XS
SM
MD
LG