Ссылки доступа

Гонконгта халық наразылығы 100 күннен бері жалғасып жатыр


16 қыркүйекте Гонконгта демократиялық реформаларды талап еткен жаппай ереуілдің басталғанына тура 100 күн болды.

Бұл 1997 жылдан бері Британия колониясындағы елді Қытайдың бақылауына бергеннен кейін болып жатқан үлкен дағдарыс.

Reuters агенттігі жексенбі күнгі қақтығыстардан кейін қалада метро станцияларының қайтадан ашылғанын хабарлады.

15 қыркүйекте наразылық акцияларының 99-күнінде Гонконг тұрғындары жаппай рұқсат етілмеген митингке шықты. Полиция "Молотов коктейлін" пайдаланғандарға көзден жас ағызатын газ бен су шашқыш пайдаланды.

Митингке шыққандардың бірқатары АҚШ пен Ұлыбритания туларын ұстап, билікті демократиялық реформаларға шақырды.

Қалада көптеген дүкендер жабылды.

«Адам құқықтарын қорғау жөніндегі азаматтық майдан» ұйымы 28 қыркүйек пен 1 қазанда халықты жаппай митингке шақырып отыр.

1 қазанда Қытай халықтық республикасы 70 жылдығын атап өтеді.

Алғашқы наразылық үкіметтің құқық бұзғандарды Бейжіңге экстрадициялау жөніндегі заңды қабылдауынан басталды. Халық заңның күшін жоюға қол жеткізді. Бірақ демонстранттар Қытай билігінен Гонконгқа қысым жасауды доғаруды талап етіп келеді.

XS
SM
MD
LG