Ссылки доступа

Молдовада ресейлік журналист млрд доллар жымқыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталды


Владимир Новосадюк
Владимир Новосадюк

Молдованың Коррупцияға қарсы ұлттық орталық қызметкерлері ресейлік "Спутник" мемлекеттік ақпарат агенттігінің аймақтық редакторы Владимир Новосадюкты бір миллиард доллар ұрлауға қатысы бар деген айыппен ұстады.

Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Ақпаратты журналиске жұмыс беруші растады.

Новосадюк қазір тергеліп жатыр, оның үйіне тінту жүргізілді деп мәлімдеді Молдова бас прокуратурасының баспасөз хатшысы ТАСС агенттігіне. Блокнот басылымы тінту кезінде журналистің үйінен молодвалық сарапшылардан ақша алғаны жөнінде куә заттар табылғанын жазады. Аталған басылымның жазуынша, прокурорлар Новосадюктің жеке мұрағатындағы аудио- және видео жазбаларды алған.

2014 жылдың қараша айында Молдованың Ұлттық банкі елдің үш банкі парламент сайлауы алдында бір млрд доллардан бөлгені жөнінде анықтаған. Бұл сома Молдова ЖІӨ-нің 12,5 процентімен пара пар.

Тергеу мәліметі бойынша, ақшаның жартысы Ресейге шығарылған. 2016 жылы аталған іске байланысы бар деп елдің бұрынғы премьер-министрі Владимир Филат сотталған. Бұл іске қатысты бірқатар күдіктілер елден қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG