Муродовтың тергеу абақтысына барғанын жоғары лауазымды бір шенеунік хабарлады. Өзбекстан президент әкімшілігінің ресми өкілі ақпаратты растады.
Тәуелсіз дереккөздің айтуынша, Отабек Муродов 18 қыркүйекте қазір тергеу абақтысында отырған Ихтиер Абдуллаев ісі бойынша тергеліп жатыр.
Бұрынғы бас прокурор 19 қыркүйекке қараған түні абақтыда болған. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, Муродовқа қатысты бұлтартпас шарасы өзгерген.
Өзбекстан Олий Мажлис сенатының жалпы отырысында ел президенті Шавкат Мирзияев мемлекет кеңесшісі Отабев Муродовқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы бұрынғы бас прокурор сенімді ақтамады деп мәлімдеген. Президент сөзінен соң шенеунікті үйінен ұстап алып кетті.
44 жастағы Отабек Муродовқа қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу және пара беру қылмыстары бойынша айып тағылған.