Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалім 9 жастағы оқушыны сабаған (видео)


Сабалған баланың денесіндегі көгерген жерлер
Сабалған баланың денесіндегі көгерген жерлер

Самарқанд облысы Челак қаласының №79 орта мектебінде оқитын 9 жастағы оқушыны класс жетекшісі сабаған. Бұл жөнінде оқушының әкесі хабарлады.

«Диктант жазуда ұлым қате жібергені үшін мұғалімі 36 оқушының көзінше сабаған. Иығынан, басынан ұрған. Қазір баламның денесі көгерген»,- дейді жәбірленушінің әкесі.

Қазір ұлымен психолог жұмыс істеп жатыр екен. «Мектептен келген ұлымды көріп, бірден ауруханаға алып бардым. Ол әбден қорқып қалған. Қазір үйде дәрі қабылдап, емделіп жатыр», - дейді ол.

Жергілікті милиция өкілі оқушының сабалғаны бойынша тергеу істері басталғанын мәлімдеді.

«Оқушы медициналық сараптамадан өтті. Қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - дед ол.

В Самарканде учительница сорвалась и сильно побила третьеклассника
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:38 0:00

Мектеп директоры Асад Жураев бұл оқиға бойынша ішкі тексеріс басталғанын айтты.

«Біз мұғалімге сөгіс жарияладық. Шын мәнінде ол өте тәжірибелі педагог. Сол күні үйінде жанжал шығып, ашулы болғандықтан балаға қол көтерген. Қазір өзінің істеген ісіне өкініп жүр»,- дейді директор.

XS
SM
MD
LG