«Егер қыздардың жартылай жалаңаш шомылып жатқанын көрсе, оларға 200 манат айыппұл салады (ресми бағам бойынша 55 доллар). Биыл қыз-келіншектерге дұрыс демалуға да мүмкіндік бермеді», - дейді аты-жөнін айтқысы келмеген бойжеткен. Оның сөзінше, жағалауда арнайы әйелдерді бақылайтын полиция өкілдері бар.
Авазада әдетте қазанға дейін суға түседі. Бұл кезде Каспий теңізінің суы 30 градус жылы болады. Осы маусымда суға түсу адам ағзасына пайдалы болып есептеледі екен.
Аваза ұлттық демалыс орны Түркіменбашы қаласынан он екі шақырым жерде орналасқан. Билікке Гурбангулы Бердімұхамедов келгеннен кейін жағалауды халықаралық демалыс орнына айналдырамын деп бюджеттен миллиардтаған доллар жұмсалған. Дегенмен мұнда шетелден баратын туристер саны өте аз. Қымбат қонақ үйлер жылдап бос тұрады.