Ссылки доступа

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соғысып, 23 адам зардап шекті


Нұр-Сұлтан қаласында жолаушы автобусы мен жүк көлігі соғысып, соның салдарынан 22 жолаушы және жүргізуші зардап шекті.

Жол апаты 23 қыркүйекте А-187 көшесі мен Мұстафа Кемал Ататүрік даңғылының қиылысында тіркелген. Қала полициясының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі даңғылмен келе жатқан автокөлікке жол бермеген, соның салдарынан автобуспен соғысып қалған.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода автобустың алдыңғы жағы зақымданғаны көрініп тұр.

22 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға түсті. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG