Ссылки доступа

Қырғыз экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары ұсталды (видео)


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары Қанат Сагымбаев екі тәулікке ұсталды. Бұл туралы адвокат Замир Жоошев пен ҚСДП төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаева хабарлады.

Әлеуметтік желіде Сагымбаевты кісендеп әкетіп бара жатқаны бейнеленген видео жарияланды.

Ресми органдар бұған қатысты мәлімет таратқан жоқ.

Хабарларға қарағанда, Сагымбаев бұның алдында Әскери прокуратурада бірнеше сағат бойы тергелген.

Қанат Сагымбаевты Мемлекеттік күзет Алмазбек Атамбаевты қорғауды тапсырған. Ол 20 қыркүйекте жұмыстан шығарылған. Арнайы қызметтің хабарлауынша, Сагымбаев биыл маусым айында басшылықтың қызмет қаруын тапсыру туралы бұйрығына бағынбаған. Сол себепті оған сөгіс жарияланған.

Сагымбаевтың жақтастары оның қызметтен алынуына негіз жеткіліксіз деп есептейді.

XS
SM
MD
LG