Ссылки доступа

Пласидо Доминго қыздарға қырындауға қатысты айыптаулардан соң, Метрополитен-операдан да кетті


Испан опера әншісі Пласидо Доминго Нью-Йорктегі Метрополитен-операда "Макбет" қойылымына қатыспайды және бұл театрмен байланысын мүлдем доғарады.

25 қыркүйектегі қойылымда Макбет партиясын Домингоның орнына серб әншісі Желько Лучич орындайды. Макбет әйелін орыс опера әншісі Анна Нетребко сомдайды.

Metropolitan Opera Пласидо Домингоның басқа қойылдамдарға да қатыспайтынын растады.

Тамыз айында Associated Press агенттігі тоғыз әйел 78 жастағы Домингоны қырындады деп айыптағанын хабарлады. Айыптаулардың барлығы 80-жылдары болған. Қыркүйек айының басында тағы 11 әйел әншіні қырындады деп айыптады.

Тамыз айында Филадельфия оркестрі (The Philadelphia Orchestra) мен Los Angeles Opera Домингоның қойылымдарын жапты. Әншінің өзі қыздың келісімімен ғана сексуалдық қарым-қатынасқа түскенін айтқан.

XS
SM
MD
LG