Ссылки доступа

Тәжік кәсіпкері Эквадорда 30 елге раушан гүлін сатады


Әлемнің 30 елінде ғашықтар сүйіктісіне алыс Эквадорда тәжік кәсіпкері өсірген раушан гүлін сыйлап жүр.

34 жастағы тәжікстандық Сайид Носех Толибов екі жыл бұрын Эквадорға көшіп барған. Бұл елге бірінші болып оның ағасы барған, сонда шағын гүл плантациясын ашқан. Бірақ 2014 жылы ол қайғылы оқиғадан қаза болды, ал Сайид Эквадорға марқұмның денесін елге алып келуге барған. Ол ағасының ісін жалғастыру керек деп шешкен.

"Эквадордың климаты жылы. Төрт маусым көктем болады. Бұл елде қауіпсіз сезінемін, түннің бір уағында көшеге шықсаң, саған ешкім тиіспейді", - деді ол.

Сайид Носех Эквадор астанасынан 50 шақырым жердегі Каямба қаласында тұрады. Екі жылда ол испан тілін үйреніп, 10 гектар раушан гүлі плантациясын 40 гектарға кеңейткен

Қазір ол өзі өсірген гүлді әлемнің 30 еліне, соның ішінде Қазақстан мен Ресейге сатып отыр. Эквадорда кәсіп жүргізуге жағдай жасалған дейін тәжік кәсіпкері.

"Эквадор билігі жаңа компаняларға 5-6 жыл қолдау жасайды. Мұнда салықпен қыспайды, себепсіз тексермейді. Заңмен жұмыс істесең, еш қиындық көрмейсің", - деді Сайид Носех.

Оның плантацияларында қазір 300-ге жуық эквадорлық жұмыс істейді. Бұл елде орташа айлық 400 доллар шамасында. “Irouse” компаниясында сегіз тәжікстандық жұмыс істеп жүр. "Мұнда тәжіктер аз. Бар болғаны үш отбасы".

Тәжік кәсіпкері туған елді сағына еске алады, өзі өсірген раушан гүлін тәжік нарығына да шығаруды армандайды.

XS
SM
MD
LG