Ссылки доступа

Түркіменстанда тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көшедегі үйсіздерді ұстап жатыр


Бездомный в подъезде многоэтажного дома в Ашхабаде (архивное фот)

Түркіменстанның Мары уәлаятында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көшені үйсіздерден тазарту рейді жүріп жатыр. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, "тазалау" бірнеше күнге созылған.

"Мары қаласында полиция қызметкерлері ескі жүк көліктерімен көшелерді, аулаларды тексеріп жүр. Олар тұрғындардан қаңғыстарды тауып беруін сұрады. Үйсіздерді жүк көлігіне отырғызып, алып кетіп жатыр" деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары қалада үйсіздер саны көбейген. Олар көп қабатты үйлердің жертөлесінде тұрады.

Марыдағы үйсіздер полиция рейдіне үйреніп қалған, әр мереке қарсаңында ұстайтынын айтқан.

"Мургап этрапындағы қарттар мен мүгедектер үйі бізді қабылдамайды. Бұрын сонда алып баратын. Бірақ мекеме басшысы орын жоқ деді. Сол кезде бізді Дашоғыздағы қарттар үйіне апарғысы келді. Біз Дашоғызға барғымыз келмеді. Полиция бізді Мары қаласында қалдырды. Қабылдайтын орын болса, біз қарсы емеспіз. Тамақ тоқ болса болды" дейді Марыдағы үйсіздердің бірі.

XS
SM
MD
LG