Ссылки доступа

Қырғыздың Жалал-Абад облысында АҚШ-тан келген екі ерікті есірткімен ұсталды


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Токтогул ауданында АҚШ-тың екі азаматы есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Жалал-Абад облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Бішкек-Ош тас жолындағы "Чичкан" бекетінде милиция күдіктілер мінген автокөлікті тоқтатқан. Олардың бірінен бір келі марихуанна табылған.

Қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар тергеу абақтысына отырғызылды. Шетел еріктілері Аксы ауданында ағылшын тілінен сабақ береді.

XS
SM
MD
LG