Ссылки доступа

Түрік генералының үйінде жұмыс істеген өзбек қызы құпия жағдайда қайтыс болды


Генерал Ширин Унал отказывается общаться с журналистами после смерти Надиры Кадыровой.

Өзбекстандағы Жизақ облысының 23 жастағы тұрғыны Надира Кадырова 24 қыркүйекте Анкарада отставкадағы генерал Ширин Уналдың үйінде құпия жағдайда қаза тапты.

Түрік баспасөзінің мәліметі бойынша, Надира Кадырова генерал Уналға тиесілі тапаншамен жараланған. Оқиға 24 қыркүйекте таңертең тіркелген. Бір сағаттан соң ол Анкарадағы Билькент ауруханасында қайтыс болды.

Жас қыз өзін-өзі өлтірген делінеді. Түркияда билік басындағы партияның депутаты Ширин Унал бұл уақытта үйінде болған. Ол журналистерге жауап беруден бас тартты. Надира Кадырова бір жылдан бері генералдың қарт анасын қараған.

Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Кадырова досы Лейлаға "Ағамның көзіне қалай қараймын. Өлгім келеді" деп жазған. Бірақ Надира нақты не болғанын досына ашып айтпаған.

Өзбекстанның Анкарадағы бас консулдығы тергеуге араласа алмайтынын, қазір бұл істі түрік полициясы зерттеп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG