Ссылки доступа

Тәжік премьері БҰҰ мінберінде еріп жатқан мұздықтар мәселесін қозғады


Кохир Расулзода

Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен сөйлеген тәжік премьер-министрі Кохир Расулзода әлем елдерін Интернетті экстремистік идеяларды тарату үшін қолдануға қарсы күресуге шақырды.

27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында ол: "Біз экстремизм идеяларының Интернет арқылы таралуына тосқауыл қоюымыз керек" деп мәлімдеді.

Тәжікстанның 1900-ден астам азаматы 2014 жылдан бастап Сирия мен Иракқа кеткен. Олардың көбі экстермистік және террористік ұйымдарға қосылған. Тәжікстан құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оларды Интернет арқылы арбаған.

Тәжік үкіметінің басшысы климаттың өзгеруі мәселесін де қозғады. "Соңғы 60 жылда еде орташа температура бір градусқа көтерілген" деді ол. Премьердің айтуынша, осылай кете берсе, онда Тәжікстандағы мұздықтар түгел еріп кетеді.

Орталық Азиядағы су ресурстарының шамамен 60 пайызы Тәжікстандағы мұздықтардан бастау алады.

XS
SM
MD
LG