Ссылки доступа

Ферғана басшысы сақал мен хиджабпен күресіп жатыр


В начале сентября этого года президент Шавкат Мирзияев наградил главу Ферганской области Шухрата Ганиева орденом «Трудовая слава».
В начале сентября этого года президент Шавкат Мирзияев наградил главу Ферганской области Шухрата Ганиева орденом «Трудовая слава».

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің редакциясына Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев қарамағындағыларға сақалдылар мен хиджаб кигендерге қарсы науқан бастауды тапсырып жатқаны туралы аудио жолданды.

Аудиожазба жақында Ферғана облысы әкімдігінде өткен жиналыста жазып алынған деді дереккөз. Онда Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев аудандық шенеуніктерден атқарылған жұмысқа қатысты есеп алған.

Жиналыста дін және орта білім мәселесі талқыланған. Аймақ басшысы қоғамдық орындарда сақалды мұсылмандар көп жүретіні туралы айтқан.

«...386 адам – сақалды жексұрындар. Зерттеулер Қоқан, Ферғана және Маргилан тұрғындарының арасында сақалдылар көп екенін анықтады. Бұған қоса 851 қыз бен әйел орамал тағып, хиджаб киеді. Олар киіну мәдениетін саұтамайды. Оларға түсіндіріп айтты. Содан кейін 300 адам жөнге келді" деді Ферғана басшысы.

Глава Ферганы объявил войну бороде и хиджабу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

Жиналыста тыйым салынған діни ұйым қызметін насихаттаған 39 адам жауапқа тартылғаны айтылды. Шенеунік жиналыстағыларға мемлекеттік мекемелерде намазханалар ашуға заңда тыйым салынғанын ескерткен.

"Ескертемін: жиналыстарыңда мұсылман орамалын таққан әйелді көрсем, оның кім екенін сұрамастан, орамалын жұлып алып, оны сендердің ауызыңа тығамын" деп қорқытты Ганиев.

Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев дөрекі шенеунік ретінде танылды. Ол қарамағындағыларға үнемі жекіп сөйлейді. Мысалы, биыл мамыр айында Ганиев салық инспекторларын "ішек-қарындарыңды ақтарып, бастарыңа қаптаймын" деп қорқытқан.

XS
SM
MD
LG