Ссылки доступа

Африкалық диктатор ұлының спорткарлары 27 млн долларға сатылды


Lamborghini Veneno Roadster на аукционе в Швейцарии, 27 сентября 2019
Lamborghini Veneno Roadster на аукционе в Швейцарии, 27 сентября 2019

Швейцариядағы аукцион үйі Экваториялық Гвинея президентінің ұлы мен вице-президентінің қымбат автокөліктерін сатты. 25 автокөлік 27 миллион долларға сатылды.

Лот тізімінде жеті Ferrari, үш Lamborghini, бес Bentley, сонымен бірге Maserati мен McLaren болған.

2014 жылғы Lamborghini Veneno Roadster автокөлігі 8,4 миллион долларға сатылды. Суперкардың тоғыз ғана данасы бар.

Жарысқа арналған LaFerrari гибрит суперкарын да көпшілік қызыға қарады.

2016 жылы Швейцария прокуратурасы Экваториялық Гвинея президентінің ұлы Теодорин Нгема Обиангқа қарсы іс ашты. Ол лас ақшаны заңтастырды, қазына ақшасын жаратты деп айыпталды. Тергеуге АҚШ, Кайман аралдары, Франция, Монако, Дания, Нидерланды және Маршалл аралдары көмектесті. 2019 жылы оның автокөліктері тәркіленіп, іс жабылды.

Аукционнан түскен қаражат әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалады.

2014 жылы АҚШ прокуратурасының шешімімен Теодорин Нгема Обиангтың Флоридадағы үйі, Ferrari автокөлігі және Майкл Дженсонның алты мүсіні сатылды. Президенттің баласы оларды таза табыстан түскен ақшаға сатып алғанын айтқан.

Теодорин Нгема Обианг – Экваторалық Гвинея президентінің мұрагері. Теодоро Обианг Нгема Мбасого бұл елді 1979 жылдан бері басқарып келеді. Ол заңсыз қару сатты деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG