Ссылки доступа

"Даму Медиа Орталығы" "Азаттык" операторына жасалған шабуылды сынады


"Даму Медиа Орталығы" қоғамдық қоры биліктен "Азаттык" операторы Айбек Кулчумановқа Ош қаласында шабуылдағандарды жазалауын сұрады. Ұйым шабуылды сөз бостандығына қысым деп атады.

Орталық заңда журналистердің қоғамдық маңызы бар мәлімет алуға кедергі жасауға тыйым салғанын атап өтті.

"Даму Медиа Орталығы" журналистің кәсіби қызметіне араласуға тыйым салынғанын ескере отырып, құқық қорғау органдарынан операторға жасалған шабуылды әділ тексеруін талап етті.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Ошта белгісіз біреулер жұмыс бабымен жүрген "Азаттык" операторы Айбек Кулчумановтың техникасын тартып алған. Ол милицияға арызданған. "Тонау" қылмысына қатысты іс қозғалған. Бірақ екінші тарап та милицияға арызданып, үйінің ауласында басына дрон құлап түскенін, оның көмегімен Кулчуманов видео түсіргенін айтқан. Бірақ дрон операторға шабуылдағандар оның қолынан басқару тетігін тартып алған уақытта құлап түскен.

29 қыркүйекте оператордан тартып алынған техника тергеушіге тапсырылған. Техника заттай айғақ ретінде тергеу қызметінде болады.

XS
SM
MD
LG