Ссылки доступа

Самарқанда оқушының шашын алып тастаған мұғалім жауапқа тартылды


Өзбекстанның Самарқанд облысына қарасты Ургут ауданында 47-мектеп директорының орынбасары жауапқа тартылды. Ол жоғары сынып оқушыларының шашын алып тастаған.

Мұғалім жоғары сыныптардағы 20-дан астам оқушының шашын алған.

"Бұл жағдай Бешкала махалласындағы орта мектепте болды. Мұнда оқушылардың шашын мәжбүрлеп алдырады. Балалар екі-үш күн мектепке бармай жүрді. Соңғы мәрте балалардың шашын Шухрат Очилов алған. Соңғы жылдары мұндай жағдай бұл мектеп жиі болып тұрады", - деді Озоди радиосының редакциясына шашы қырқылған оқушылардың суретін жолдаған дереккөз.

Оқушылардың айтуынша, мұғалім қайшымен абайсызда балалардың басын жарақаттап алған.

Ургут аудандық халық білімі бөлімі оқушылардың шашын алған мұғалім Очиловқа қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG