Ссылки доступа

Қырғызстан Doing Business-2020 рейтингінде реформатор 20 ел қатарына қосылды


Дүнежүзілік Doing Business-2020 реформаторлар рейтингін жариялады. Тізімдегі жиырма елдің ішінде Қырғызстан да бар. Баяндама авторларының пікірінше, республика салық, несие беру және электр желілеріне қосылу көрсеткіштерін жақсартқан.

Дүниежүзілік банк бұл рейтингке кәсіпті дамыту үшін реформа жүргізіп отырған 20 үздік елді қосқан. Тізімдегі мемлекеттер кем дегенде үш реформа жүргізген.

Doing Business-2020 рейтингін ресми таныстыру биыл қазан айының соңында өтеді.

Қырғызстан ұлттық даму стратегиясына сәйкес, республика 2023 жылға дейін "Кәсіп жүргізу" рейтингінде әлемнің үздік қырық елінің қатарына енуі керек. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, Қырғызстан әлемнің 190 елінің арасында 70-орынға тұрақтады. Республика 2017 жылға қарағанда жеті көрсеткішін жақсартқан.

Doing Business рейтингі бизнесті реттеуге байланысты заңдарды бағалауға арналған.

XS
SM
MD
LG