Ссылки доступа

Тәжікстан 48 тұтқынды Ауғанстанға қайтарды


Тәжікстан билігі, тұтқын алмасу туралы келісімге сәйкес, 48 тұтқынды Ауғанстанға қайтарды.

Тәжік билігінің хабарлауынша, Ауғанстанға қайтарылған азаматтар кезінде есірткі контрабандасы үшін сотталған. Олар жазаның қалған мерзімін Ауғанстан түрмелерінде өтейді.

Тұтқындарды көрші елге тапсыру дүйсенбі күні Төменгі Пяндж шекара аймағында өтті. Ауғанстан билігі Тәжікстанға бірнеше тәжік азаматын қайтарғанын мәлімдеген. Олар "террористік әрекет" үшін сотталған. Кабулдан Душанбеге жеткізілген тәжік тұтқындарының нақты саны айтылмады.

Тәжікстан мен Ауғанстан биыл осымен екінші мәрте тұтқын алмасып отыр. Маусым айында тәжік билігі Ауғанстанға 80 азаматты қайтарған.

XS
SM
MD
LG