Ссылки доступа

Ташкент тұрғыны жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты


Ташкент тұрғыны дәрігерлер келем дегенше жан тапсырған көршісін реанимациялаудан бас тартқан фельдшерді ұрып тастады.

Оқиға 25 қыркүйекте болған. Жедел жәрдем диспетчеріне ер азамат хабарласып, көршісінің жағдайы ауыр екенін айтқан.

"Дәрігерлер бригадасы науқасқа көмек көрсетуге барып, оның жан тапсырғанын анықтады. Жедел жәрдем шақырған көрші дәрігерден оны тірілтуге әрекет жасауын талап еткен. Бірақ дәрігер одан ешқандай өзгеріс болмайтынын айтқан. Жауапқа қанағаттанбаған тұрғын фельдшерді ұрып тастаған. Дәрігерді ауруханаға жеткізді" делінген Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарламасында.

Артынша оқиға орнына тергеуші мен прокуратураның шұғыл тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сол арқылы науқастың тынысы тарылып, жүрегі тоқтап қалғанын анықтаған.

Фельдшерді ұрған тұрғын қылмыстық жауапқа тартылады. Тексеру жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG