Мәліметке қарағанда, "Манас" әуежай басшылығы 2014 жылы сол кезде банкротқа ұшыраған "Жанармай орталығы" кәсіпорнының 100% акция пакетін 5 млн долларға сатып алу жөнінде келісім жасаған.
Тергеу ісі барысында 2014 жылдың желтоқсан айында әуежай басшылығына директоры Кипр азаматы болған "Ф.С.Л." компаниясынан коммерциялық ұсыныс түскені анықталған. Ол "Жанар май" кәсіпорнын 7 млн доллаға сатып алу жөнінде ұсыныс білдірген.
Істі тергеу барысында компаниялар арасында жалған қызметтік хат алысу жүргені дәлелденген. Онда банкротқа ұшыраған "Жанармай орталығын" жұмыс істейтін, табыс әкелуші компания ретінде бағаланған.
Әрі қарай қысқа уақыт ішінде "Манас" әуежайы басшылығы қызметтік хат негізінде 5 млн долларға банкротқа ұшыраған компанияны сатып алу жөнінде келісімге келген. Екі күннен кейін "Манас" әуежайы есепшотындағы қаражат екі бірдей оффшорлы компанияға аударылады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.
2013-2016 жылдары "Манас" әуежайын басқарған Албек Ибраимов қазір тергеу абақтысында отыр.