Ганиев жақында өткізген жиындардың бірінде Қоқан, Ферғана, Маргилан қалалары, одан бөлек Бувайдин мен Ферғана ауданы тұрғындары сақал қойып, әйлдері хиджаб киетінін айтқан:
– Құрметті әкімдер, осыған байланысты сіздерге ескерту жасаймын: егер мен сіздер өткізген жиындарда мұсылман киімімен отыратын әйелдерді көрсем, мейлі ол мұғалім бе, дәрігер ме, қоғам белсендісі ме, орамалды аламын да, аузына тығамын.
Бірақ Ферғана облысының әкімдігі Ганиевтің сөздері бұрмаланған дейді. "Әкім тұрғындардан сыртқы келбетін ретке келтіріп жүруін сұрап, сақал мен хиджаб діннің басты талаптары емес екенін түсіндіргісі келген. Бірақ өкінішке қарай, дөрекі сөздер айтылды", дейді мәліметте.