Ссылки доступа

Қырғызстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды


Бусурманкул Табалдиев

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Бусурманкул Табалдиевке Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланды.

Оған қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа шығарды деген іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. ІІМ министрлігі бұл іс бойынша тергеу аяқталғанын, 19 адам сот алдында жауап беретінін айтты.

Батукаев – ұлты шешен қылмыс белсендісі. Ол Қырғызстанда қару-жарақ, есірткі сақтады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жылға сотталған. Бірақ 2013 жылы Нарын қалалық соты оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды. Дәрігерлер анықтамасында оның қатерлі ісік ауруына шалдыққаны жазылған.

Батукаев босатылған күні оны жеке ұшақпен Шешенстанға жеткізген. Кейін белгілі болғандай, анықтама жалған болып шыққан. Кейін 2014 жылы Батукаевқа қайтадан іздеу жарияланды.

Батукаев ісі бойынша Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа та қылмыстық іс қозғалды. Ол Кой-Таштағы резиденциясында ұсталған.

XS
SM
MD
LG