Ссылки доступа

Ресейлік сарбаздарға пышақ салған күдіктіге анасы іздеу салды


Ресейлік екі сарбазға шабуыл жасады деген Тәжікстанның Вахш ауданы тұрғыны Ахлиддин Абдуллоевты туыстары он күннен бері іздеп жатыр.

21 қыркүйекте Ресей әскери базасының 201-бөлімшесінің екі сарбазына жергілікті тұрғын шабуыл жасаған. Сарбаздар жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, шабуыл жасаған Ахлиддин Абуллоев облыстық психикалық ауруханада есепте тұрады. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны "бұзақылық" деп бағалап отыр.

Бұл істі Хатлон облыстық прокуратура зерттеп жатыр. Ондағы дереккөздің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.

Күдікті Ахлиддин Абдуллоевтың анасы Мохинавтың айтуынша, жалғыз ұлы 2016 жылдан бері есепте тұрады. "Оқиға болатын күні ол ұзақ жылады. Далаға шыққысы келді. Біз оған серуендей қой деп рұқсат бердік. Кейін оның Бохтарға кетіп қалғанын білдік. Ол үйге қайтып бара жатқан жолда екі сарбазбен сөзге келіп қалыпты", - дейді күдіктінің анасы. Ол ұлын он күннен бері көрмегенін айтады.

Ал билік өкілі анасы психиатрия сараптамасынан кейін ғана ұлын көреді алады дейді.

XS
SM
MD
LG